ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НАҚШБАНДИЯ ТАРИҚАТЫНЫҢ ДАМУ ҮДЕРІСІ: БАҒЫТТАРЫ МЕН ЛИДЕРЛЕРІ

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азия кеңістігіндегі нақшбандия тариқатының даму үдерісі, негізгі тармақтары мен көшбасшы тұлғаларының қызметі талданады. Авторлар тариқаттың тарихи қалыптасуы мен бүгінгі таралу ареалын сипаттап, оның аймақтық ерекшеліктерін, әлеуметтік ықпалын және ішкі құрылымын зерттеуге баса назар аударады. Нақшбандия тариқатының хусайния, мужаддидия және жахрия сияқты ішкі тармақтары жан-жақты сипатталып, олардың Өзбекстан мен Қазақстандағы жамағаттары мен шейхтарының қызметі нақты деректермен негізделеді. Кеңестік дәуірдегі сопылықтың құпия жағдайда сақталуы, посткеңестік кезеңде қайта жандану үдерісі және заманауи жағдайдағы институционалдану белгілері қарастырылған. Ибраһим шейх пен Құрбан-Әлі ишан сияқты беделді рухани көшбасшылардың өмір жолы мен діни қызметі арқылы тариқаттың ықпал деңгейі көрсетіледі. Сонымен қатар, зерттеуде тариқат ішіндегі харизмалық билік, рухани мұрагерлік, сопылық білімнің берілу тетіктері мен ішкі фрагментация үдерістері де сарапталады. Қазақстандағы нақшбандия жамағаттарының ерекшеліктері, шекарааралық байланыстары, рухани жетекшілерінің қызметі мен легитимділігі мәселелері де зерттеу нысанына алынған. Мақалада тарихи, әлеуметтік және мәдени аспектілер тоғысында сопылықтың қазіргі қоғамдағы рөлі мен трансформациясы көрсетіледі. Зерттеу барысында жүйелеу, салыстырмалы, тарихи және аналитикалық әдістер қолданылған. Авторлар Орталық Азиядағы нақшбандия тариқатының заманауи сипаты мен оның қоғамдық сананы қалыптастырудағы орнын ашып көрсетуді мақсат етеді.

Түйінді сөздер: тариқат нақшбандия сопылық рухани тәрбие ишан пір мүршид мүрид хакимия силсила