ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage («ЗИЯ: Ислам және рухани мұра») – исламтану, дінтану, рухани мұра және деректану салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялауға бағытталған рецензияланатын ғылыми-академиялық журнал. Журнал 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап жарық көреді.

 

ЖУРНАЛДЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

 

Исламтанулық зерттеулер – Құрантану және хадистану, тәпсір, ақида және кәләм, ислам құқығы және усул әл-фиқһ, ислам философиясы, сопылық ілім, мұсылмандық діни ой тарихы, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ислам тарихы, түркі-мұсылман өркениеті, жәдидшілдік және исламдық реформизм мәселелерін қамтиды.

 

Дінтанулық зерттеулер – дін философиясы, дін әлеуметтануы, дін психологиясы, дін антропологиясы, салыстырмалы дінтану, діндер тарихы, дін және қоғам қатынастары, діни бірегейлік, конфессияаралық қатынастар, қазіргі діни үдерістер және діни қауіпсіздіктің ғылыми аспектілеріне арналған зерттеулерді қамтиды.

 

Рухани мұра және деректану – исламдық интеллектуалдық және рухани мұра, қолжазбатану, кодикология, палеография, археография, текстология, тарихи деректану, сирек кітаптар мен көне басылымдар, исламдық кітап мәдениеті, дәстүрлі медреселік білім, Ясауи мұрасы, түркі сопылық дәстүрі және қазақ дін ғұламаларының жазба мұрасына қатысты зерттеулерді қамтиды.

 

Журнал түпнұсқа ғылыми мақалаларды, ғылыми шолуларды, деректанулық және қолжазбатанулық зерттеулерді, бұрын ғылыми айналымға түспеген жазба деректердің ғылыми сипаттамалары мен жарияланымдарын қабылдайды.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою туралы куәлік:


№ KZ71VPY00152981, 26.06.2026 ж.

 

Басылым атауы:


ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage («ЗИЯ: Ислам және рухани мұра»)

 

Басылым түрі: ғылыми журнал.

 

Мерзімділігі: тоқсанына бір рет (жылына 4 рет).

 

Меншік иесі: Ислам ғылыми-зерттеу институты.

 

Басылым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, араб, түрік.

 

Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы.

 

Тақырыптық бағыты: ғылыми, ғылыми-ағартушылық, исламтану, дінтану, рухани мұра, деректану.

 

Журналдың мақсаты – Қазақстандағы және халықаралық академиялық кеңістіктегі исламтанулық және дінтанулық зерттеулердің дамуына ықпал ету, исламдық интеллектуалдық және рухани мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеу, қолжазбалар мен сирек кітаптарды, архивтік және тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ отандық және шетелдік зерттеушілер арасындағы академиялық байланысты нығайту.

 

Журнал пәнаралық ғылыми диалогты дамытуға және Қазақстан мен Орталық Азияның исламдық тарихын, діни-интеллектуалдық дәстүрін және жазба мұрасын әлемдік ислам өркениеті контексінде кешенді зерттеуге ерекше мән береді.

 

ISSN:
ISSN (Print) – алғаннан кейін енгізіледі
ISSN (Online) – алғаннан кейін енгізіледі

 

DOI:
Crossref арқылы DOI префиксі алынғаннан кейін енгізіледі.

 

Жарияланым этикасы:


ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage ғылыми жарияланымдарда академиялық адалдық, авторлық құқық, мүдделер қақтығысын ашық көрсету, плагиатқа жол бермеу, рецензиялау үдерісінің объективтілігі мен құпиялылығы қағидаларын басшылыққа алады. Журнал редакциясы ғылыми жарияланымдар этикасы саласындағы халықаралық стандарттар мен COPE ұсынған негізгі қағидаттарды ұстанады.