ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫ

ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage ғылыми жарияланымдардың сапасын, академиялық адалдықты және зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз етуді негізгі қағидаларының бірі ретінде қарастырады.

Журналдың жариялау этикасы ғылыми басылымдарға қойылатын халықаралық академиялық қағидаттарға, соның ішінде Committee on Publication Ethics (COPE) ұсынған негізгі қағидаларға бағдарланады.

Авторлардың жауапкершілігі

Авторлар:

  • тек түпнұсқа ғылыми зерттеулер ұсынуға;
  • пайдаланылған барлық дереккөздерге тиісті сілтеме беруге;
  • плагиат пен өзіндік плагиатқа жол бермеуге;
  • ғылыми деректерді бұрмаламауға немесе қолдан жасамауға;
  • бір мақаланы бірнеше журналға бір мезгілде ұсынбауға;
  • зерттеуге нақты ғылыми үлес қосқан тұлғаларды ғана автор ретінде көрсетуге;
  • қаржыландыру көздері мен ықтимал мүдделер қақтығысын ашық көрсетуге міндетті.

Редакцияның жауапкершілігі

Редакция мақалаларды авторлардың азаматтығына, этникалық тегіне, жынысына, діни немесе дүниетанымдық ұстанымына қарамастан ғылыми сапасы мен журнал бағытына сәйкестігі негізінде бағалайды.

Редакция авторлар мен рецензенттер туралы құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді.

Рецензенттердің жауапкершілігі

Рецензент:

  • мақаланы объективті бағалауға;
  • мүдделер қақтығысы болған жағдайда редакцияға хабарлауға;
  • қолжазбаның құпиялылығын сақтауға;
  • пікірлерін ғылыми дәлелдермен негіздеуге;
  • рецензия барысында алынған жарияланбаған ақпаратты жеке ғылыми мақсатта пайдаланбауға міндетті.

Плагиат, деректерді бұрмалау, қайталама жариялау немесе басқа да академиялық әдеп бұзушылықтары анықталған жағдайда редакция тиісті редакциялық шаралар қабылдауға құқылы.