ЖУРНАЛДЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage – исламтану, дінтану, рухани мұра және деректану бағыттарындағы ғылыми зерттеулерді жариялауға арналған ғылыми-академиялық журнал.

Журналдың негізгі мақсаты – Қазақстан мен халықаралық ғылыми қауымдастықтағы исламтанулық және дінтанулық зерттеулердің дамуына ықпал ету, исламдық жазба және рухани мұраны ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ отандық зерттеушілердің еңбектерін халықаралық академиялық кеңістікке таныту.

Журнал редакциялық қызметінде ғылыми объективтілік, академиялық еркіндік, жариялау этикасы, ашықтық және рецензиялаудың тәуелсіздігі қағидаларын басшылыққа алады.

Мақалаларды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім автордың мәртебесіне емес, зерттеудің ғылыми жаңалығына, әдіснамалық сапасына, деректік негізіне және журналдың ғылыми бейініне сәйкестігіне қарай қабылданады.

Журнал мынадай үш негізгі ғылыми бағыттағы еңбектерді жариялауға басымдық береді:

  • Исламтанулық зерттеулер;
  • Дінтанулық зерттеулер;
  • Рухани мұра және деректану.

Редакция ғылыми пікір алуандығын қолдайды. Жарияланған мақаладағы ғылыми тұжырымдар мен көзқарастар үшін жауапкершілік авторға жүктеледі және олар міндетті түрде редакцияның ресми ұстанымын білдірмейді.