РЕЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ
ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage журналында жариялауға ұсынылған ғылыми мақалалар қосжақты жасырын рецензиялау (Double-blind peer review) рәсімінен өтеді.
Бұл тәртіп бойынша автор рецензенттің, ал рецензент автордың жеке басы туралы ақпарат алмайды.
Рецензиялау кезеңдері
1. Редакциялық бастапқы сараптама.
Редакция мақаланың журналдың ғылыми бағытына сәйкестігін, құрылымын, техникалық талаптардың орындалуын және академиялық адалдық талаптарын тексереді.
2. Ғылыми рецензиялау.
Бастапқы сараптамадан өткен қолжазба зерттеу тақырыбына сәйкес тәуелсіз маманға немесе мамандарға жіберіледі.
3. Рецензент қорытындысы.
Рецензент мақаланың ғылыми жаңалығын, әдіснамасын, деректік негізін, нәтижелерінің дәлелділігін және ғылыми маңызын бағалайды.
Рецензия нәтижесінде:
4. Авторлық түзету.
Автор рецензенттердің ескертулерін ескеріп, түзетілген қолжазбаны және енгізілген өзгерістер туралы жауапты редакцияға ұсынады.
5. Қорытынды шешім.
Мақаланы жариялау туралы соңғы шешімді рецензенттердің қорытындылары мен редакциялық бағалау негізінде журнал редакциясы қабылдайды.
Редакция рецензиялау үдерісінің құпиялылығын сақтайды.