РЕТРАКЦИЯ САЯСАТЫ

ZIYA: Journal of Islam and Spiritual Heritage жарияланған мақаланың ғылыми сенімділігіне елеулі күмән туғызатын жағдайлар анықталса, халықаралық жариялау этикасының қағидаларына сәйкес ретракция рәсімін қолдана алады.

Ретракцияға мына жағдайлар негіз болуы мүмкін: плагиаттың анықталуы; ғылыми деректердің қолдан жасалуы немесе бұрмалануы; бір зерттеудің бірнеше басылымда негізсіз қайталанып жариялануы; авторлық құқықтың елеулі бұзылуы; жалған немесе тексерілмейтін деректерді пайдалану; зерттеу нәтижелеріне елеулі ықпал ететін жарияланбаған мүдделер қақтығысы; ғылыми қорытындылардың сенімділігін жоққа шығаратын іргелі қателердің анықталуы.

Ретракция туралы шешім редакция тарапынан тиісті материалдар жан-жақты қаралғаннан кейін қабылданады. Қажет болған жағдайда автордан түсініктеме сұралады.

Ретракцияланған мақала журналдың электрондық архивінен жасырын түрде өшірілмеуі тиіс. Оның библиографиялық жазбасы сақталып, мақалаға оның ретракцияланғаны туралы анық белгі және ретракцияның себебін түсіндіретін хабарлама беріледі. Бұл ғылыми жариялау тарихының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қажет болған жағдайда редакция толық ретракцияның орнына мақалаға түзету (correction) немесе редакциялық ескерту (expression of concern) жариялай алады.