ҚОЛЖАЗБАНЫ РЕЦЕНЗИЯЛАУ
Рецензент қолжазбаны бағалау барысында мына мәселелерге назар аударуы тиіс:
Исламтану, қолжазбатану және деректану бағытындағы мақалаларды бағалау кезінде араб, парсы және түркі тілдеріндегі бастапқы деректерді пайдалану деңгейіне, қолжазба шифрларының дұрыстығына, мәтіндердің атрибуциясына, транскрипциясы мен транслитерациясының ғылыми бірізділігіне ерекше назар аударылады.
Рецензент қолжазбаны құпия ғылыми құжат ретінде қарастыруы және оның мазмұнын үшінші тұлғаларға бермеуі тиіс. Автордың жарияланбаған ғылыми нәтижелерін рецензент өзінің зерттеулерінде автордың келісімінсіз пайдалана алмайды.
Рецензенттің пікірі объективті, дәлелді және академиялық этикаға сай болуы қажет. Автордың жеке тұлғасына қатысты пікірлерге жол берілмейді.
Рецензенттің қорытындысы
Рецензент қолжазбаны бағалау нәтижесінде төмендегі шешімдердің бірін ұсынады: